Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Қонаев ардагерлері Жеңіс паркін тазалады

Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында республика бойынша өтіп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Киелі мекен» атты екінші науқаны белсенді түрде жүріп жатыр. Оның аясында бүгін Қонаевтың ардагерлері жастармен бірлесіп, қаладағы Жеңіс паркін тазалады, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Аталған демалыс орны былтырдан бері күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Оның аясында паркте жасыл желектер егіліп, ағаштар әктеліп, орындықтар мен қоқыс жәшіктері ауыстырылып, гүлзарлар жасалған болатын. Сонымен қатар мұнда Ұлы отан соғысына қатысқан ардагерлердің суреті бейнеленген панно орнатылып, шағын сәулеттік нысандар қойылды. Ең бастысы – парктің аумағында Ауған соғысы мен ҰОС арналған үлкен екі ескерткіш бар.

Экологиялық акция аясында 100-ден астам ардагерлер мен жастар саябақ аумағын қоқыстан, жерге түскен сары жапырақтардан, арамшөптерден тазартты. Оған қоса ескерткіштердің төңірегі сыпырылды. Тазалау жұмыстары нәтижесінде бұл жерден 35 қап қоқыс шығарылды.

– «Өткеннен сабақ алмай, келешекке қадам баса алмаймыз. Осындай тарихи ескерткіштердің жан-жағы таза болып тұрса, ұрпақтарымыз ата-бабаларына үнемі тағзым жасап тұрса, керемет емес пе? «Киелі мекен» акциясын бұқара түгелдей қолдауы керек деп ойлаймын. Себебі, бұл – жай ғана сенбілік емес, бұл – балаларға тәрбие беру, халықты тазалыққа шақыру», – деді Ауған соғысының ардагері Алдажар Сейітұлы шараны қорытындылап.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях