SDU университеті 306 грант пен жеңілдік ұсынады, – деп хабарлайды Naqty желілік басылымы аталмыш оқу ордасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
SDU University жыл сайын талапкерлерге арнап республикалық деңгейде SRT олимпиадасын өткізеді. Бұл мектеп және колледж түлектеріне болашақ мамандықтарын таңдауға көмектеседі әрі грантқа ие болу мүмкіндігін ұсынады. Өзіне сенімді әрбір талапкер олимпиадаға қатысып, бағын сынап көре алады. Олимпиадаға тіркелу 20 ақпанға дейін жүргізіледі.
SPT олимпиадасы 2 кезеңнен тұрады:
1-ші кезең жеңімпаздары 22 ақпан күні арнайы порталда, онлайн форматтағы логикалық 50 сұраққа жауап беру арқылы анықталады.
2-ші кезеңге өткен талапкерлер 9 наурыз күні республиканың әр аймағында белгіленген (17 қала бойынша) тестілеу орталықтарында офлайн форматта тест тапсырады.
Олимпиада 11 сынып бағдарламасы негізінде, тест үлгісінде қазақ не орыс тілінде өтеді.
Ұпай көрсеткіші ең жоғары үздік 306 қатысушы SDU-дың 4 жылға жарамды грантына және жеңілдік сертификаттарына ие болады.