«Олар не көрмеді?!»

«Олар не көрмеді?!»

Sorry, this entry is only available in Русский.

Музей – тарих тереңіне, рухани азық алатын қасиетті орын. Онда өткен әрбір кездесу тәрбие мен тағылымға толы болды. Осындай басқосудың бірі жуырда бүгін Қарасай аудандық тарихи- өлкетану музейінде өтті. Аталған мекеменің жаңа басшысы Серік Қалиевтің ұйымдастыруымен «Олар не көрмед?!» тақырыбында саяси қуғын- сүргін құрбандарын еске алу кеші ұйымдастырылды. Арнайы қонақ ретінде жазушылар  Нағашыбек Қапалбекұлы мен Нұрдәулет Ақыш келіп, жиналғандарға әсерлі әңгіме айтты.Ел ағаларына айналған тұлғалармен кездесуге Елтай ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Қалида Қосшұғұлов, аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Шара Қанатқұлқызы, Үшқоңыр орта мектебіндегі «Президент әлемі» мұражайының жетекшісі Ақлима Көсемова және Қарасай батыр атындағы орта мектептің «Шапағат» өлкетану музейінің жетекшісі Ырымкеш Байқонысова және кітапханашылар, «Нұр Отан» париясының өкілідері қатысты.

31 сәуірді ресми түрде бекіткен Елбасымызды тілге тиек етіп сөз бастаған Серік ағамыз тарихымызды қысқаша шолып, өтіп қонақтарға сөз берді. «Бұрын ақсақалдарымыз жиналып, ашаршылық жайлы әңгімелесетін» деген Нағашыбек Қапалбекұлы көпшіліктің жүрегіне ауыр тисе де, сонау аталарымыз бен әжелеріміздің басынан өткізген қиыншылықтары туралы баяндады. Жазушы ағамыздың айтуына қарағанда сол бір қиын- қыстау кезеңде қазақ халқының 70 пайызы қынадай қырылған көрінеді. Аштықтан ішектері жабысқан адамдар көзіне іліккен жан- жануарларды да жей берген, тіпті, көшеде қыңсылаған ит, мияулаған мысық қалмаған. Тарихи деректер келтіре отырып, келісті сөйлеген ағамыз қорытындылай келе музейге кітаптарын табыс етті. Тамаша тартуды қабыл алған музей директоры Серік Мақұлбекұлы орайын келтіре өлеңін оқыды.

Келесі сөз кезегін алған филология ғылымының докторы Нұрдәулет Ақыш та өзнің көп білетінін көрсете білді. «Барлығымыз ашаршылық кезең дегенде ойымызға 1932-1933 жылдар елестейді, ал, оның басы 1928 жылдардан бастау алғанын біле бермейміз, – деді ол. Солтүстік өңірдегі астықтың бәрлігі дерлік Мәскеу мен Ленинградқа жөнелтілді. Өзі аш отырған халық одан сайын көтерілгенде, қатаң жазаға да ұшырады». Осы мәселелердің басын ашып айта білген Ғабит Мүсіреповтің бастауымен жазылған «Бесеудің хатын» да есімізге салды. Сол кездердегі солақай саясаттың салқыны соншалық, әр өңірден адам атуға бұйрық берілген. Бұл жағдайды естігендердің көңілдеріне кірбің түспей қоймады. Ата- бабаларымыз қанша зұлматты басынан өткеріп, ерліктеріне тағзым етуге арналған жиында күмбірлеген домабыра үніне қосылған әншілер – Тейіп Бейсенбеков пен Жарқын Рақымқашұлының үні көпшілікті бір марқайтып қойды.

Кездесуде, сондай-ақ, Қалида аға, Шара және Ырымкеш апайлар сөйлеп,сонау қасіретті күндер жайында айтты.

Бас қосуды музей директоры қорытындылады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях