Облыстық семинар-практикум  

Облыстық семинар-практикум   

Бүгін ауданымыздың орталығында орналасқан Абай орта мектеп-гимназиясында «Білім алушыларда 4K, Soft skills, Hard skills, EQ  дағдыларын қалыптастыру мен жетілдірудегі мектептің рөлі»  атты Қазақстан Тәуелсізідігінің 30 жылдығы аясында облыстық семинар-практикум өтті деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.

Семинардың мақсаты білім беру ұйымы педагогтерінің білім алушылардың бойындағы жаһандық дағдыларын қалыптастыру бағытындағы кәсіби қызметінің иновациялық, озық тәжірибесін ұсыну және тәжірибе алмасу болып табылады.  Білім алушылардың икемді дағдыларын дамытуға байланысты жүргізілген жұмыс тәжірибелерімен бөлісуге арналған жиын аудандық білім бөлімі мен Абай орта мектеп-гимназиясы ұйымдастырды. Оған «Өрлеу» БАҰО-ның оқытушылары, облыстық білім басқармасының басшылары, облыстық білім берудегі дамыту оқу-әдістемелік орталықтарының әдіскерлері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен білім беру ұйымдарының директорлары қатысты.

Алдымен семинардың ашылу салтанаты аталған білім ордасының акт залында басталды. Басқосудың алғы сөзін ауданымыздың ардагер ұстардары Ақылия Бекбайқызы мен Баян Мұхамедиярова сөйлеп, заман талабына сай кәсіби біліктерін дамытуды мақсат еткен ұстаздарға сәттілік тіледі. Одан кейін сөз кезегін шараның өткізілуіне ұйытқы болып отырған 2020 жылы Алматы облысы бойынша өткізілген «Білім беру ұйымының табысты көшбасшы» деген сайыстың жеңімпазы, Абай орта мектеп-гимназия директоры Тұрсын Сайбырова алды. Білім ордасының басшысы алған тәжірибесін осы семинар барысында ұстаздар қауымымен бөлісті.

Қазіргі таңда мектеп-гимназияда 154 педагог бар болса, олардың 3 жас маман, 34 ұстаздың магистрлік дәрежесі бар. Олар семинар барысында  біліктіліктерін ұтымды жағынан пайдалана біліп, өз тәжірибелермен әріптестерімен бөлісті.  Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығының негізінде аталған білім мекемесі басшысының орынбасарлары мен жас мамандар бірлесіп семинарға қатысушылардың назарына көшбасшылыққа қажетті 30 көмекші сервисті ұсынды. Нақтырақ айтқанда, олар «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын жетілдіру аясында ұстаздардың сабақ өткізуін және оқушылармен кері байланыс жасауды оңтайландыратын бірқатар платформалар жайлы ақпарат берді.  Мәселен, «Trello»,  «Leporty leps» «poukent», «jox»  және тағы да басқа осы сынды жұмыс істеуді жеңілдететін 30 мобильдік және компьютерлік құрылғыларда қолжетімді қосымшалар мұғалімдердің таптырмас көмекшілеріне айналған. Қажетті платформалардың тізімі алдағы уақытта қолдану үшін семинарға  қатысушыларға таратылып берілді.

Тәжірибе алмасуға арналған іс-шараның барысында ұстаздардың ойын бір сергітіп алу мақсатында аталған білім ордасының педагог-психологтары психологиялық тимбилдинг өткізді. Одан кейін  Абай  мектебінің мұғалімдері өздерінің пәндеріне байланысты оқушыларға шеберлік сағаттар, тесттер мен неше түрлі ойындар арқылы сабақ өткізді. Сонымен қатар, семинарда мамандар өзара тәжірибе алмасып, өз тақырыптарына байланысты білімі мен біліктілігін, шеберліктерінен жетілдірді.

Семинар соңында қатысушылар мұғалімдердін өткізген сабақтарына жақсы деген бағаларын беріп, сабақты жүргізу жоспарына біраз өзгерістер ретінде ұсыныстарын айтып, шараны ұйымдастырған мектеп ұжымына алғыстарын білдірді.

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях