Оқушылар арасындағы шахматтан жарыс

Оқушылар арасындағы шахматтан жарыс

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін Қаскелең қаласындағы Абай мектеп гимназиясында аудандағы мектеп оқушылар арасында шахматтан жарыс өтті. Турнирді  Қарасай ауданының 90 жыл мерейтойына  арнап, «Белая Ладья» шахмат пен дойбы клубы ұйымдастырды. Сайысты аталмыш үйірменің директоры Дәурен Иманберлинов салтанатты түрде ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Аудан әкімінің кубогы сарапқа салынған ойынға барлығы 100-ге тарта оқушы бақтарын сынап, мектептерінің абыройын қорғады. Бастала сала қыза  түскен дода бес кезеңнен тұратын швейцариялық жүйемен топтық есепте жүргізілді. Ойын барысында жас жеткіншіктер бар шеберліктерін салып, тартысқа толы ойын өрнегін көрсетті. Ақтық бәсекенің нәтижесіне сәйкес командалық жоғары ұпай есебімен үздіктердің арасынан суырылып шыққан  Шамалған ауылының қазақ орта мектебі аудан әкімінің кубогы мен бірінінші орынды  иеленіп жеңімпаз атанды. Ал, екінші орынға Қаскелең қаласындағы Абай мектеп гимназиясы, үшінші орынға Көксай ауылындағы М.Мәметова мектебі лайық деп танылды.

[su_custom_gallery source=»media: 7276,7277,7278″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жарыс соңында осы спорттық турнирге қатысқандарға «Белая ладья» клубының төсбелгісі мен «Апорт» ойын-сауық орталығында орналасқан    «Hawaii»  аквопаркіне шомылуға бір күндік тегін жолдамалар берілді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях