2022 жылы еліміздегі оқу орындарының ақылы бөліміне түсу үшін сынақ тапсыру құны қымбаттайды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру үшін келер жылдан бастап болашақ студенттер енді екі есеге шығындалатын болады.
Айта кетсек, ҰБТ-ға қатысуға өтініштер 2021 жылғы 24 желтоқсан – 2022 жылғы 5 қаңтар аралығында Ұлттық бірыңғай тестілеудің орталық сайты арқылы онлайн режимде қабылданады. Осылайша 2022 жылдың 10 қаңтар – 10 ақпан аралығында мектеп бітірушілер ҰБТ тапсыра алады. Ол үшін аббитуриент 5640 теңге төлеуі тиіс. Ал тест тапсыру құны былтырға дейін 10 жыл бойына 2242 теңге болып келген еді. Бірақ бұл оқуға ақылы бөлімге тапсыратындар үшін. Ал грантқа тапсырушыларға тест, әдеттегідей тегін таратылады.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать