Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында әлеуметтік жағынан осал топтардағы адамдармен жұмыс жасап, оларға барша қолдау білдіріп жүрген азаматтар марапатталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
Елбасының «Қазақстан Республикасының мерекелері туралы» Жарлығына сәйкес, қазан айының екінші жексенбісінде аталып өткен мүмкіндігі шектеулі азаматтар күніне орай осындай жандарға қолдау және көмек көрсететіп жүрген бірқатар азаматтарға құрмет көрсетілді.
Нақтырақ айтқанда, бүгін аудан басшысының міндетін атқарушы Айжан Назарбаева «Рахым» қорының басшысы Раушан Байтанова, «Жігер – М» мүгедек спортшылардың федерациясының басшысы Тәжіғали Ходжамұратов пен тағы да бірқатар Шолпан Есімбекова, Дәмегүл Үсенова, Рита Турманбетова сияқты әлеуметтік қызметкерлерге өлшеусіз еңбектеріне үшін аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың атынан Алғыс хат табыстады. Сонымен қатар, басқосу барысында Айжан Нұрділдәқызы тағдыр тауқыметін тартқан жандарға күн-түн демей қол ұшын беріп, қолдау көрсетіп жүрген азаматтарға жасап жүрген қайырымды жұмыстары үшін үлкен ризашылығын білдірді.