Құрмет пен ізетті қатар алып жүретін наурыз айының алғашқы мерекесі «Алғыс айту» күнімен қатар, бүгін құрылғаннан бері Елбасы саясатын насихаттап, халық алдындағы міндетті істерді атқарып келе жатқан бүгінде елімізде белделді «Nur Otan» партиясының құрылған күні. Басты саяси ұйымға айналған партияға биыл 22 жыл толып отыр. Осы орай бүгін аталған партияның ауданымыздағы филиалының ғимаратында мерекелік шара өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымның тілшісі.
[su_custom_gallery source=»media: 31090,31089,31091″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]
Салтанатты жиынды жүргізіп, оның алғы сөзін алған «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов алдымен жиыналғандарды «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейтін «Алғыс айту» күнімен және «Nur Otan» партиясының мерейлі мерекесімен шын жүректен құттықтады. Елбасының көшбасшылығымен біздің мемлекетімізде ғана емес, әлем деңгейінде де бағыт-бағдары айқын, қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи тұрпатты партияға айналғанын тілге тиек етіп, партияның төрғасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық бағытын қолданып, партияның бағдарламалық міндеттерін іске асыруға елеулі үлес қосып жүрген белсенділерге облыстық «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнар Қожағұлқызы атынан Алғыс хат тапсырды.
Мұнан бөлек, салтанатты жиын барысында мерекеге орай, партия мүшелігіне жаңадан қабылданған бірқатар қарасайлықтарға партиялық билеттер мен төсбелігілер табысталды.
Сонымен қатар, басқосуда Қаныбек Құлжабайұлы партияның барлық бағдарламаларын іске асыруға үлкен үлес қосқан аудандық партия белсенділерін аудан әкімі, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының төрағасы Жандарбек Далабаев атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Жиын соныңда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Қарасай аудандық филиалының директоры Жанәділ Орынбай сөз сөйлеп, баршаға бүгінгі мерекелерге байланысты ізгі ниеттін білдіріп, еліміздің ең ірі партиясын қолдап, онымен бірге жарқын болашақтың жолында қадам жасап жүргендерге сәттілік тіледі.