Назарбаев әулетінің жерлері тартып алына бастады

Назарбаев әулетінің жерлері тартып алына бастады

Елордадағы Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың әулетіне тиесілі жерлерді тартып алу басталды, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы. Бұл туралы ақпаратты «Сыбайлас жемқорлықты тергеу бюросы» жария етті.

Аталған бюроның хабарламасында былай деп жазылған: «Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан орталығындағы жердің бір бөлігі Назарбаевтардан тартып алынды. Көптеген оқырмандар бізге Астанадағы «Т.Құлыбаев атындағы арал» деп аталатын жердің координаттарын жіберді. Құжаттарды тексеру кезінде бұл жер сонау 1993 жылы Назарбаев Болат Әбішұлының атына беріліп, Б.Назарбаевтың ұлы (1983 жылы дүниеге келген) Нұрбол Болатұлына 2014 жылы қайта ресімделген, ол тиісті мемлекеттік мекемеде тіркелген.

Сонымен қатар, ресми мәліметке сүйенсек, 2022 жылдың 28 қаңтарында олар Назарбаева Кұндыз Болатқызының атына (1976 ж.т.) жер учаскесіне құқықты қайта ресімдеуге әрекеттенген. Бірақ 2022 жылғы 7 ақпанда бұл учаскеге меншік құқығы жойылған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях