Нұротандықтар Сейітхан Исаев пен Үсенбай Тастанбековтың үйінде болды

Нұротандықтар Сейітхан Исаев пен Үсенбай Тастанбековтың үйінде болды

Sorry, this entry is only available in Русский.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қызметкерлері мен аудандық аурухана дәрігерлерінің ұйымдастыруымен, «Ардагерлерді ардақтайық» жобалық акциясы аясында, ауданымыздағы ҰОС ардагерлері Сейітхан Исаев пен Үсенбай Тастанбековтың үйлеріне барып, кездесіп қайтты. Кездесудің негізгі мақсаты  ұрпақтар сабақтастығы мен диалог алаңын қамтамасыз ету, қоғамдағы ынтымақты, патриотизмді қалыптастыру, үлкендерге және дәстүрге деген құрметті күшейту болатын.

Алдымен, олар Тұңғыш Президент, Елбасымыздың ұстазы Сейітхан Ахметұлының шаңырағында болып, ұстазға арнайы дайындаған сыйлықтарын табыстап, қарияның әңгімесіне қанықты. Ал, дәрігерлер болса, ардагердің денсаулығын, қан қысымын тексеріп, өзін тамаша сезіну үшін жақсы кеңестерін берді. Ол кісінің тұрмыс-тіршілігі, денсаулығы дұрыс көрінді, сонымен қатар, ұрпақтарының қолында мағыналы ғұмыр кешіп жүргенін мақтанышпен сөз етті. Бұдан бөлек, өзінің бөлмесіндегі кішігірім кітапханасын көрсетіп, болашақта тұрып жатқан үйін немере-шөберелеріне аманат қылып музейге айналдырсам деген де ойымен бөлісті. Өз кезегінде нұротандықтар мен дәрігерлер ардагерлермен байланысын үзбей, кез-келген мәселені қолға алып, көмек беретінін жеткізді. Мұнан кейін, келесі қарт-майдангер, партизан журналист-жазушы, жасы 97-ге толған Үсенбай Бахтиярұлының үйіне барып, жастар оның да көңілін жадыратып, келе жатқан Жеңіс күнімен құттықтады. Жоғарыда айтылғандай, бұл ардагерге де медициналық көмек көрсетіліп, денсаулығын тексерілді.

Айта кетсек, бүгінгі таңда ауданымызда 25 Ұлы Отан соғысы ардагері және 1056 тыл еңбеккері бар екен. Партия өкілдерінің айтуы бойынша, аталмыш санаттағы адамдардың барлығы «Нұр Отанның» қамқорлығына алынған.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях