«Нұр Отандағы» Мерекелік басқосу

«Нұр Отандағы» Мерекелік басқосу

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған салтанатты жиын өтті. Аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек ашқан мерекелік жиынға аудандық партия филиалының саяси кеңес мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, партияның белсенділері, бастауыш партия ұйымының төрағалары және «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері қатысты.

Алдымен Ықылас Еркінұлы Конституция күнімен жиналғандарды шын жүректен құттықтап, басты құндылықтарымыз – тәуелсіздігіміз, келісім мен бірлігіміздің нығая беруін алға тартып, ақ тілегін білдірді. Сондай-ақ, аудандық тарихи-өлкетану музейінің басшысы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Серік Қалиев пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сағат Мәсімақынов та мерекеге орай ізгі ниеттерін айтып, жиналғандарды құттықтады.

Жиын барысында партия төрағасының бірінші орынбасары нұротандықтар қатарына жаңадан қабылданған азаматтарға партия билетін салтанатты түрде тапсырды. Сонымен қатар, ортақ іске елеулі үлес қосып жүрген бір топ партия белсенділеріне өз атынан Алғыс хаттар тапсырды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях