Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы

Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVIII конференциясы

Sorry, this entry is only available in Русский.

Бүгін аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының кезектен тыс XXVIIІ конференциясы болып, күн тәртібінде маңызды баяндамалар тыңдалынды. Конференцияны «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Далабаев жетекшілік етіп, бастан-аяқ жүргізіп отырды. Жиналыстың жұмысына қатысқандардың қатарында Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің ректоры, Алматы облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі Қуат Баймырзаев, аудан аумағындағы 12 бастауыш ұйымдарының делегаттары, аудандық мәслихат хатшысы, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме басшылары, «Жас Отан» жастар қанатының өкілдері болды.

Алғаш сөз кезегін алған аудан әкімінің орынбасары Дулат Сансызбаев, Елбасымыздың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасының арттыру» атты соңғы Жолдауының басым бағыттарын көпшілікке түсіндірді. Оның ішінде ауданымызда жүзеге асып жатқан бірқатар жұмыстарды да нақты атап өтті. Мәселен, аудан халқының табысы едәуір өсіп, ең төменгі жалақы 1.5 есеге артқанын,  аудандағы 2077 бюджеттік мекемелердің еңбекақылары жоғарылағанын айтсақ болады. Сондай-ақ, коммуналдық кызметтердің тариф бағасы төмендегені туралы айтылды. Бұлардан бөлек, білім, денсаулық, спорт, медицина саласына қатысты жемісті істердің жасалынуы мен алдағы жылда жоспарда бар жұмыстардың да жобасы таныстырылды.

Келесі сөз кезегі аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Ақшолпан Маратқа беріліп, «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы мен жасампаздық, әлеуметтік даму кезеңі жайында ойлар ортаға салынды.

Күн тәртібінің үшінші баяндамасы «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі бағдарламасы жобасының негізгі ережелерін талқылау жайында болды. Оны делегаттарға ашып жеткізу үшін Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік  университетінің ректоры, Алматы облыстық Саяси Кеңесінің мүшесі Қуат Баймырзаевқа сөз берілді.

[su_custom_gallery source=»media: 7520,7521,7519,7518″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Жоғарыдағы бірқатар баяндамалар тыңдалынып, оны талқылау үшін аудандық кәсіподақ комитетінің төрағасы Сағындық Жылқыбаевқа, Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Елдос Мұқатаевқа және Қаскелең мәдениет колледжінің студенті Айсұлу Жұмашеваға сөз кезектері берілді.

Конференция соңында күн тәртібінің мынадай соңғы мәселесі қаралды: «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс XXVІІІ конференциясына делегаттар сайлау. Оның құрамына кіретін тізімдер алдын ала таратылып берілгендіктен, қатысушылар қарсылықсыз «құрам бекітілсін» деп дауыс берді. Ал, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Жандарбек Ермек ұлы бірауыздан сайланған делегаттар құрамын құттықтап, конференцияны жабық деп жариялады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях