Музейдегі тағылымы мол іс-шара

Музейдегі тағылымы мол іс-шара

Sorry, this entry is only available in Русский.

18 мамыр – Халықаралық музей күні. Бұл күн 1978 жылдан бері аталып келеді. Мәдени ошақтың қоғамдағы маңыздылығын насихаттауға бағытталған күнді әлемде жыл сайын 200-ге тарта ел мерекелейді. Рухани құндылықты ұлықтайтын шарадан қарасайлықтар да   шет қалмады.  Ауданымыздағы тарихи-өлкетану музейінің басшысы Серік Қалиевтың бастамасымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында, осы жерде   «Музейдегі түн» шарасы өткізілді. Мақсаты – көрерменді көбірек тарту, уақыт жоқтықты сылтау ететін жастардың, жұмыс басты адамдардың келуіне жағдай жасай отырып, мәдениетті насихаттау.  Аталған тағылымды кеште халықаралық, республикалық айтыстардың жеңімпаздары Сырым Әуесхан  мен Қанат Мырзахан келушілерге арнап  экскурсия жүргізді. Қазіргі таңда шашасына шаң жұқтырмай  айтыстың жілігін шағып жүрген от ауызды орақ тілді  жас ақындар елінің өткен тарихын жақсы білетіндіктерін  көрсетіп, келушілерді тәнті етті.  Алдымен экскурсоводтың таяқшасын алған Сырым Әуезхан археологиялық бөлімнен бастауды жөн көріп, ежелгі түркі дәуіріндегі халықтың дәстүрінен сыр шертетін ортағасырлық тұрмыс заттарға, үш мыңжылдық тарихы бар мыс қазанға, «Алтын адам» көшірмесіне, қыштан жасалған бұйымдарға айрықша тоқталды. Әрі қарай  қазақ хандығының құрылғанына дейінгі кезеңінен сыр шертіп,  сақ дәуіріндегі қолданылған қару-жарақтар мен әшекей бұйымдар жөнінде әзіл-шыны аралас мәлеметтерімен айтып, келушілерді бір күлдірді.

Келесі экспозицияларының бірі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа әулетіне арналған бөлімді таныстыру Қанат Мырзаханға бұйырды. Мемлекет басшысының бала кезінен бастап, үлкен қайраткер дәрежесіне көтерілу жолдары туралы айтып, Президенттің жеке қорынан әкелінген құнды жә­дігерлерді таныстырған айтыскерге  келушілер Президенттің балалық шағына барып қайтқандай болдық деп ризашылықтарын жеткізді.

Сонымен бірге шара барысында жас ақындар      мәдениет колледжінің студентерімен кездесу өткізіп, қойылған сұрақтарға шын ықыластырмен жауап берді. Бүгінгі шақыртуға бірден келісім бергендіктерін айтып, үлкен жауапкершілікті сезінгендіктерін білдірді. Кеш соңы мерекелік шараға арналған айтыспен жалғасын тапты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях