Ұмтыл округі сумен қамтамасыз етіледі

Ұмтыл округі сумен қамтамасыз етіледі

Бүгін Ұмтыл ауылдық округінде  өткен аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың кезекті есептік кездесуінде тұрғындар кәріз жүйесі мен су құбырларының ескіргендігін жарыса айтып, ауыз судың тапшылығын жеткізді, деп хабарлайды Naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.

Жалпақсай ауылының тұрғыны Марат Қасымханов ауылдастарының атынан бірқатар мәселелерді көтерді. Олардың арасында маңыздылығы жоғары болып тұрған кәріс жүйесі құбырларының ескіргендігі мен ауыз судың жоқшылығы.  Сан жылдар күн тәртібінен түспей,  көпті мазалаған су мәселесі Жандарбек Ермекұлының айтуынша биыл жоспарға сай шешіліп, Алмалыбақ, Жалпақсай, Көлді және Мерей ауылдары «Қаскелең су топтамасы» жобасының аясында сумен қамтамасыз етілетін болады.  Нақтырақ айтқанда, Ұмтыл ауылдық округіне магистральді су құбырын жүргізуге қатысты құжаттар  мемлекеттік сараптама қаңтар айында өткен. Ал, ауылдардың ішіне жаңа су құбырлары 2023 жылға дейін орнатылады деп күтілуде.

Ұмтыл округіндегі кәріс жүйелеріне қатысты мәселе де аудан басшысының назарында. Ол тозығы жеткен құбырларды жөндегеннен пайда  болмайдықтан, барлығын жаңарту үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындауға қаржы бөлуге сұраныс білдіргенін айтты.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях