Мотокросстан халықаралық жарыс

Мотокросстан халықаралық жарыс

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Қарасай ауданында «Достастық кубогына» арналған мотокросстан халықаралық жарыс өтті. Спорттық шара атақты мотоспортшы Виктор Бузулуцконың рухына арналып, ұйымдастырылып отыр екен.

Дүбірлі додаға көршілес Ресейдің, Қырғызстанның, Өзбекстанның мықты спортшылары қатысып, жалпы, 88 мотошабандоз бақ сынасты. Олардың ең жасы 6-дан енді асса, ең егдесі 60-ты алқымдаған. Жалпы, аталмыш спорт түрі соңғы кездері жоғары дейгейде жақсы дамып келе жатыр.

Жарыс Шалқар ауылының маңында орналасқан «КТМ» мототрегінде болып, онда спортшылар бірнеше санат бойынша сынға түсті. Жарыс алдында қатысушылар жаттығу өткізді. Олардың арасында тәжірибесі мол байкерлер мен спорттың бұл түріне қызығушылық танытқан жас мотошабандоздар бар. Дайындық барысында спортшылар көпшілік назарына өз өнерлерін ұсынды. Жарыс жолына алдымен жастар, одан кейін тәжірибелі спортшылар шықты. Мотоциклшілердің тыңғылықты дайындалғандары көрініп-ақ тұрды. Жаттығудың өзі бір ауқымды спорттық дода сынды болды. Барлығының көлікті басқаруы мен асқан шеберліктері таңдай қақтырады. Ал, көрермендер болса кәсіби түрде өткізіліп отырған екі дөңгелекті темір тұлпарлар байқауының көрігін қыздырып, қол соғып, жанкүйер болып, қатысушыларға қолдау білдіруден шаршаған жоқ. Мотоциклшілер жарысатын жол сақина тәрізді етіп жасалып, оның ұзындығы 2 шақырымды құрайды екен.

Таңсәріден басталған бұл сайыс кешкі сағат бес шамасында өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар анықталды. Үздіктің үздігі болып, алыстан келген чемпиондарды шаң қақтырып, Алматы қаласы, Жамбыл ауданының Қарғалы ауылы және Қарасай ауданының Үшқоңыр ауылы өкілдерінен құралған Қазақстан құрамасы командасы 1-орынды қанжығасына байлады. Олардың айтуынша, жеңіске ауызбіршілік пен бір-біріне деген сенімділіктің арқасында жеткен.

Ия, әсерлі өткен жарыс соңында ұйымдастырушы, Виктор Петровичтың шәкірті Олег Жаров жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табыстап, Алғыс хаттармен марапаттады.

Обсуждение: 1 комментарий
  1. oleq
    Жауап беру

    Спасибо за статью. Это способствует развитию спорта в Казахстане

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях