Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына Жолдауының 5-ші басымдығын іске асыру аясында, аудан әкімінің басшылығымен ауданымызда ақпараттық-насихат жұмыстарын жүргізуге арналған мобильді топ құрылып, іске кірісті.
«Парасыз болашаққа. Бірге!» ұранын ұстанған аталған топтың негізгі мақсаты – экономиканың өркендеуін тежейтін әлеуметтік кеселдің алдын алу, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тұрғындар арасында парақорлыққа «мүлдем төзбеушілік» бойынша шараларды жандандыру, сонымен қатар, осы мәселеге қатысты зардап шеккендерге заңдық кеңес беру болып табылады.
Еңбек ұжымдарында, мемлекеттік мекелемерде ақпараттық түсіндіру шараларын жүргізіп, азаматтарды жедел қабылдайтын мобильді топтардың құрамына «Нұр Отан» партиясының, қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес және кәсіподақтар ұйымдарының өкілдері, мәслихат депутаттары, ардагерлер кіреді. Арнайы безендірілген автокөлік өз жұмысын жыл бойы жалғастырмақ.