Өмір сүру үшін өзгере білу керек

Өмір сүру үшін өзгере білу керек

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа еліміздің бас басылымы «Егемен Қазақстан» газеті арқылы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Бұл мақаласының барысында Ұлт Көшбасшысы Үкіметке кезек-кезегімен латын алфавитіне көшу кестесін дайындауды тапсырды.  Президент өзінің кезекті тарихи құжатын еліміздің үшінші жаңғыруы басталғанын тілге тиек ете бастап, басты мақсатымыздың әлемдегі 30 елдің қатарына кіруі екендігін тағы бір мәрте еске салды.

Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті екенін, ол өмір сүру үшін заман ағымына саналы түрде бейімделуге қабілетті болуы керектігін жеткізген Президент уақыт талабына сәйкес жаңғыру міндеті барлық мемлекеттердің алдында тұрғандығын сөз етті.

«ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы» және «Таяу жылдардағы міндеттер» деп аталатын үлкен екі тараудан тұратын мақалада еліміздің бәсекелестікке қабілеті, ұлттық бірегейлікті сақтауы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы, прагматизм мәселелері толық қамтылған.

Өз мақаласын «Екі дәуір түйіскен өліара шақта Қазақстанға түбегейлі жаңғыру және жаңа идеялар арқылы болашағын баянды ете түсудің теңдессіз тарихи мүмкіндігі беріліп отыр. Мен барша қазақстандықтар, әсіресе, жас ұрпақ жаңғыру жөніндегі осынау ұсыныстардың маңы­зын терең түсінеді деп сенемін. Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарих­тың шаңына көміліп қала береді»- деп түйіндеген Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының осы құжатын оқыған әрбір адам тағы бір рет ол кісінің көрегендігіне тәнті болып, Мәңгілік Елге бастаған бағытының дұрыстығына тағы бір мәрте көз жеткізді деуге толық негіз бар.

Сайлаубек Қыдыралиев,

аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях