Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Министрдің Алғыс хатымен марапатталды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Биыл біздің елде өткізілген «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің өскенін, әлем елдерінің арасындағы оның беделі жоғары орнын көрсетті. ЭКСПО-ға 4 миллионнан астам адам барды. Оның аясында барлық өңірлерде ұлттық салт-дәстүрімізді, құндылықтарымызды насихаттайтын, өскелең ұрпаққа зор рухани азық боларлық шаралар көптеп өткізілгені белгілі.

Бүгін аудандық әкімдікте бірқатар қарасайлықтар аудан әкімінің орынбасары Н.Сатубековтың қолынан Елбасының бастамасымен Елордада өткізілген «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында болған ұлттық өнеріміз бен мәдениетімізді көрсетуге бағытталған ауқымды іс-шараларға ұйымдастыру тұрғысынан ерекше үлес қосқаны үшін Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының Алғыс хатын алды. Атап айтқанда, аудан әкімінің орынбасары А.Назарбаева, бұған дейін кәсіпкерлік бөлімін басқарып, жақында ғана аппарат басшысы лауазымына тағайындалған А.Марат, Бірінші Май ауылдық округінің әкімі Е.Тоқтасынов, «Kagazy Recycling» ЖШС-нің бас директоры В.Горобцова, облыстық мәслихаттың депутаты Ә.Сәрсенов еңбектері еленіп, осындай құрметке ие болды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях