ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова білім қызметкерлерінің жалақысын көтеру шаралары туралы айтты, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Бұл аталған міндет бойынша ҚР Тұңғыш-Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев бірқатар тапсырма берген еді. Оның ішінде жалақысы төмен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы 30 пайызға ұлғаятынын да айтуға болады.
Министрдің мәлімдеуінше, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жаңа тарифтік коэфицент бекіткен. Соған байланысты ҚР Білім және ғылым министрлігі есептеу жұмыстарын бастап кетті.
«Осы орайда айта кететін мәселе, жалпы бюджет саласындағы жалақысы төмен қызметкерлердің айлығын көбейтуге арналған қаржының 75 проценті білім саласына бөлініп отыр. Жалақы 1 маусымнан бастап көтерілетін болады. Негізгі персоналдың айлығы көтеріледі. Олардың ішінде еңбек өтілін енді ғана бастаған жас мұғалімдер, колледж ұстаздары, псиxологтар, балабақшалардың жетекшілері, тәрбиешілері мен көмекшілері, сонымен қатар, қосымша білім беру жүйесінде жұмыс істейтін қызметкерлер бар», – деді К.Шәмшидинова баспасөз мәслиxатындағы сөзінде.
Сондай-ақ, министр Күләш Шамшидинованың айтқанына сүйенсек, күзетші, от жағушы, электрик, сантехник сияқты көмекші персоналдардың да жалақысы артады. «Сосын басқарушы персонал бар. Олар – мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары», – деп қосымша айтып өтті К.Шамшидинова.