Министр кей қазақстандық неге жануарларға аяусыздық танытатынын айтты

Министр кей қазақстандық неге жануарларға аяусыздық танытатынын айтты

 

 

 

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев кей қазақстандық неге жануарларға аяусыздық танытып, қоршаған ортаға зиян келтіретінін айтты,  деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылым Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Бүгін біз азаматтар тарапынан қолдау тауып отырғанымызды сеніммен айта аламыз. Жануарларға деген аяусыздық, қоршаған ортаға жабайылықпен қарау – мұның бәрі туралы тұрғындар хабарлайды. Бұл – дұрыс. Мұндай фактілер туралы үндемей қалуға болмайды. Бұған экологиялық сауат пен мәдениеттің жеткіліксіздігі себеп болып отыр», – деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Бұл мәселені бүгін шыққан «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та көтерген болатын. Президенттің айтуынша, асқар тауларымыз бен айдын көлдерімізді, ұлан-ғайыр даламызды ластап жатқан да өз азаматтарымыз.

«Көкжайлауға от жағып, қоқыс шашып кеткен де, Көбейтұздың батпағын шелектеп тасып, көлдің ортасында көлікпен ойқастаған да солар. Бір тұтам мүйізі үшін көзін мөлдіретіп киіктерді қырған да өзгелер емес.», – деп жазды Тоқаев.

Айта кетейік, 2020 жылы елімізде жануарлар мен табиғатқа бейжай қарайтын фактілер көбейгені туралы тұрғындар хабарлап отырды.

Өткен жылдың жазында елордалықтар мен облыс тұрғындары үшін Көбейтұз көлі сүйікті демалыс орнына айналды. Ол жақта түсірілген фотолар әлеуметтік желіде пайдаланушыларды таңғалдырды. Содан соң Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы Көбейтұз көліне зиял келтіргендердің ісіне алаңдады.

Ал Маңғыстауда итбалықты таяқпен ұрған тұрғындарды түсірілген видео тарады. Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға байланысты тергеу жүргізді. Кейін ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты итбалықты таяқпен ұру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру тоқтатылғаны хабарланды.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях