Министр Бағдат Мусин Жетісу халқымен кездеседі

Министр Бағдат Мусин Жетісу халқымен кездеседі

Жетісу облысының орталығы – Талдықорған қаласына Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин арнайы келіп, халықпен тілдеседі, деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Ең жас министрдің іссапары ертең, яғни, 29 шілде күніне жоспарлануда. Ол сағат 10:00-де Талдықорған қаласының Н.Назарбаев даңғылы, 67 «б» мекенжайында орналасқан Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарды қабылдайды. Кездесу барысында министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер айтылып, соның аясында қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ал сағат 11.30-да Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Б.Римова атындағы Талдықорған драма театрында облыс тұрғындарымен тағы кездесу өткізеді.

Жеке қабылдауға жазылу және сауалдар мен ұсыныстар +7 7282 24 71 40 телефон нөмірі және ministrgesurak@mdai.gov.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.

Жетісулықтарға түсінікті болу үшін Бағдат Мусин басшылық ететін министрліктің негізгі қызмет бағыттарына тоқтала кетейік. Олар: телекоммуникация және байланыс, электрондық үкімет және мемлекеттік қызметтер, аэроғарыш өнеркәсібі, геодезия және картография, электрондық өнеркәсіп, цифрлық активтер индустриясы, ақпараттық қауіпсіздік, инновациялар.

Облыс тұрғындары осы аталған бағыт бойынша өздерін толғандырған, шешілмей жүрген мәселелеріне қатысты кеңес алу мүмкіндіктері бар.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях