Мерекелік спорттық кездесу

Мерекелік спорттық кездесу

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жуырда Қаскелең қаласының орталық стадионында, Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай, аудандағы 11 округ командалары арасында шағын футболдан жарыс өтті. Мерекелік аяқдоп алаңындағы кездесу Үшқоңыр ауылдық округі спортшыларының пайдасына шешілді. Саламатты өмір салтын насихаттауға және корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған мұндай жолдастық матчтар әр жылы өткізіліп тұрады. Биылғы кездесу өте тартысты және қызықты болды. Барлық команданың өкілдері күннің ыстығына қарамастан бір-біріне дес бермеді.

Іс-шара басында аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы Нұрлан Жұманов пен аудандық жасөспірімдер мен баларға арналған спорт мектебінің директоры Валерий Хациев жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеп, еліміздің айтулы мерекесімен құттықтады. Сонымен, қортынды нәтиже бойынша, үшқоңырлықтарға жол беріп қойған Бірінші Май ауылдық округінің командасы 2-ші орынға табан тіресе, Қаскелең қалалық округінің футболшылары 3-ші орынды жеңіп алды. Қызықты өткен сайыстың жеңімпаздарына әртүрлі бағалы сыйлықтар, диплом мен медальдар табысталды. Сонымен қатар, футбол алаңында ерекше өнер көрсетіп, көзге түскендер де шетте қалмай, түрлі номинациялар бойынша марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях