Мерекелік шара ұйымдастырылды

Мерекелік шара ұйымдастырылды

Sorry, this entry is only available in Русский.

Мектеп бітіру кеші түлектер үшін жүрек тербетер ең маңызды сәттердің бірі. Осы салтанатқа орай облыстық №1 балалар үйі мерекелік шара ұйымдастырды. Ауданымызға қарасты бұл мекеме, Алматы қаласындағы Бағанашыл елді мекенінде орналасқан.

Мектеппен қоштасу сәтін түлектер үшін есте қаларлықтай өткізу үшін ұстаздар ұжымының бұл күнге ерекше дайындалғандықтарын айтқан балалар үйінің директоры Гүлмира Қондыбаеаваның сөзінен  жеткіншектерге деген ықыласын байқадық.  Қоштасу кеші Алматы қаласындағы «Диана» ресторанын өткізіліп,  басшылығының қолдауымен 120 адамға кең дастархан жайылды. Алдымен шара басында тәрбиеленушілердің кішкентай кезінен басталып көрсетілетін бейнероликпен назарға ұсынылды. Одан кейін, 30 тәрбиеленуші орта және негізгі білім беру туралы куәліктері табыс етілді. Солардың ішінде Аида Ефименко жоғарғы орнына түсуге ниеттенсе,  27-сі колледжге документтерін тапсырады. Қалған екеуі 10 сыныпты жалғастырады екен.

[su_custom_gallery source=»media: 5640,5639,5638″ limit=»100″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″]

Сондай-ақ, бұл басқосуға бір топ бөлім басшыларын басқарып келген аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева құрметті қонағы болып қатысып отырды. Бірнеше жылдан бері аудан қомқорлығындағы балалар үйіне, жылдағы дәстүр бойынша біздің аудандық әкімдік пен мекеме басшылары тәрбиеленушілерге кешкі көйлектер мен спорттық киімдерін сыйлады. Ал, өз кезегінде балалар үйінің директоры Гүлмира Сансызбайқызы жасалған қайырымды істерді ұйымдастырғаны үшін аудан әкімі Жандарбек Далабаевқа Алғыс хат беру арқылы ризашылығын білдірді. Мұнан өзге, «Амадус» қайырымдылық қорының атынан келген Анастасия Бреус барлық бітіруші түлектерге планшеттер тапсырса, «Дом» қайырымдылық қорының мүшесі Галина Кветкина да арнайы сыйлықтарын табыс етті.

Негізгі бөлімнен кейін салтанатты кеш концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Серікбол Сайлаубек, «FM» тобы  және басқада қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары әннен шашу шашты.

Басқосудың соңында балалар үйінің директоры тәрбиеленушілер үшін қоштасу кешінің маңызыдығы жайлы айтып, осы күннің есте қаларлықтай өтуіне ат салысқан барша демеушілерге алғысымды айтты. Түлектерге ыстық ықыласын білдіріп, үлкен өмірге аяқбасуларына ақ жол тіледі.

Қамкөңіл балаларға осылай көмек қолдау жасап, көңілдерін көтеру де өте жақсы іс қой.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях