«Мен қазақпын» мегажобасына қатысып келді

«Мен қазақпын» мегажобасына қатысып келді

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Дәстүрлі әнші, термеші мен күйшілерімізді, еліміздің әрбір аймағында қалыптасқан өнер мектебінің өкілдерін кеңінен дәріптеу, таңдаулы туындыларды өскелең ұрпаққа заманауи форматта насиxаттауды мақсат еткен  «Мен қазақпын» телевизиялық мегажобасы өз мәресіне жетті. Республика шеңберіндегі 18 бен 40 жас аралығындағы өнерпаздардан бөлек, жырақтағы қандастырымыз да қатысқан, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған осы байқауда ауданымыздан «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің әншісі Баймұхамбет Мұқатай да бақ сынап көрген болатын. Алдымен өңірлік іріктеу кезеңінен сүрінбей өтіп, Астанадағы негізгі сынға жол тартқан жігіт 60-қа жуық үміткердің арасында дараланып, ақтық сынға дейін жетіп, жақсы нәтиже көрсете білді.

 Еліміздің мәдениет саласында өзіндік орны бар көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, жыршы Ұлжан Байбосынова, күйші Айгүл Үлкенбаева, дәстүрлі әнші Толғанбай Сембаев пен қазақ өнерінің қара нары атанған Рамазан Стамғазиев сияқты тағы да басқа танымал жандар қазылық еткен байқауда жерлесіміз шебер орындаушылығымен көзге түсе білген.

  • Бұл бір ерекше жоба болды. Оған қатысу арқылы еліміздің түрлі өңірінен жиналған керемет дауыс иелерімен және шетелден келген дарынды қандастарымызбен танысып, көп дүниені көкейге түюге мүмкіндік алдық,- дейді Баймұхамбет бізге берген сұхбатында. – Ұлттық өнеріміздің кереметін тағы бір мәрте сезініп, шеберлігімізді шыңдай түстік. Бастапқыда мен жетісулық Әбдіғали Сариевтің «Жақсыға түссе ісіңіз» термесін айттым. Сосын барлық қатысушыларға дәстүрлі төрт мектептің он екі термесін жаттау тапсырылды. Маған жеребе арқылы Майлықожаның «Ата-ана қадірі» термесі түсі, ал, жартылай финалда Жамбыл атамыздың «Ақындарға арнауын» орындадым. Ақтық мәреде Сүйінбайдың «Сарыбайдан бата алу» термесін үлкен сахнада шырқадым. Бас жүлдеге қол жеткізе алмасам да, осындай халықаралық мегажобаның соңына дейін барғаныма қуаныштымын.

          Б.Мұқатай Қаскелең қаласының тұрғыны. Былтырдан бері аудандық мәдениет үйінің жанынан құрылған «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ән-би ансамблінің құрамында дәстүрлі әндерді нақышына келтіріп орындап, халық ықыласына бөленіп жүр. Бұған дейін бірнеше республикалық, халықаралық өнер додаларында топ жарып жүрген жерлесіміз алда әлі талай жеңістерге қол жеткізетініне сенімді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях