Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап көп

Мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап көп

Sorry, this entry is only available in Русский.

Кеше, ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Талап Сайлаубайұлы Қарасай ауданының әкімдігінде «Алматы облысында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» атты семинар өткізді. Оған ауданымыздағы жергілікті атқарушы орган өкілдері қатысып отырды. Шара басында Талап Сайлаубайұлы 2017 жылы атқарылған жұмыстарды баяндап өтті. Соңғы жылдары жүргізілген кешенді және жүйелі реформаларды іске асыру нәтижесінде әкімшілік кедергілер елеулі азайғанын, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы артқанын мәлімдеді. Бұдан әрі көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді толық электронды түрде жасауға мүмкіндік бермейтін және азаматтарды әртүрлі анықтамаларды алу үшін мемлекеттік органдарға жүгінуге мәжбүр ететін проблемалардан арылу қажет екендігін алға тартты. Яғни, мемлекеттік қызметшілер халықтан қандай да бір құжат талап еткенде, заңға, стандартқа және регламентке бағынулары керек екендігін айтты.

Одан соң, өз ойын «Тәртіпке бағынған құл болмайды!» деген Б. Момышұлының сөзімен бастаған, аталған департаменттің бас маманы Төлеген Кенжебеков әдеп кодексінің талаптары туралы ашып айтып берді. Яғни, жұмыс уақытында сақталуға тиіс тәртіп жайын, халыққа қызмет ету барысындағы этика, жұмысқа кешікпеу смартфондарды қолданбау, әлеуметтік желілерде шектен шықпау сынды талаптарды сөз еткен ол осы ережелерге бағынбағандарға қандай заңды жаза қолданылатынын аңғартты.

Жиын соңында, мемлекеттік қызмет көрсететін мамандар да департамент өкілдеріне іс барысына қатысты көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, қанағаттанарлық жауап алды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях