Алдағы уақытта Қазақстанда мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін шенеуліктерге елден тыс жерлерде банктік шот ашуға заңды түрде тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Аталмыш өзгерістер мемлекеттік қызметкерлер активтер мен капиталдарды жасырып қалдырмаулары үшін бағытталған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің депутаттық сауалына берілген ресми жауапта айтылған.
Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында парламент мүшесі сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін жазаны қатайту туралы мәселені көтерді. Ол жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлердің, ұлттық компаниялардың басшылары мен олардың филиалдарының шетелдік шоттарына банктік құпиялылық деп аталатын қағиданы жоюды ұсынды. Депутат сонымен бірге заңсыз капиталды шетелге шығаруды тоқтатуды талап еткен болатын. Осы ретте мемлекеттік қызметкерлер үшін заңды түрде осындай шектеулер қойылуы мүмкін.