23 маусым – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметші күні бүгін аудандық Мәдениет үйінде аудан әкімі Жандарбек Далабаевтың қатысуымен аталып өтті, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Ізгі тілегін білдіру үшін сахнаға көтерілген Жандарбек Ермекұлы мемлекеттік қызметтің жауапты міндет екенін, сондықтан да қашанда мінсіз жұмыс істеу керектігін алға тартып, мереке иелеріне құттықтауын жеткізді. Одан кейін аудан басшысы мемлекеттік қызметтегі үлгілі еңбектері үшін бірнеше қызметкерлерге ҚР Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменттің грамотасын тапсырды. Сонымен қатар, ағымдағы жылы Мемлекеттік қызметші күніне орай ұйымдастырылған шараларға қатысқан қызметкерлердің де жүлделерін осы сахна төрінде берілді. Олар: Алматы облысындағы мемлекеттік қызметшілер арасында өткен «Office olimpics» атты кеңсе олимпиадасына жүлделі болаған қарасайлық «Біліктілер» командасы және аудандағы аталған сала мамандарының арасында ұйымдастырылған Жамбыл Жабаев пен Мұқағали Мақатаевтың шығармашылықтарына арналған «Ақынды аңсау» көркемсөз оқу байқауының бас жүлдені алған Жарылқасын Сақтаған. Мерейлері артқан мемлекеттің қызметшілердің тағы бір қатары аудан әкімінің Құрмет грамотасы мен Алғыс хатына иеленді.
Сонымен ресми бөлімнен соң «Үшқоңыр» этно-фольклорлық ансамблі бұл мерекелік кешке арналған концерттік бағдарламасын әуезді музыкалық композициясымен ашты. Одан кейін ортаға шыққан ансамбльдің дәстүрлі әншілер тобы да бірнеше әсем әнді әуелетіп, құлақ құрышын қандырды. Осылайша «Үшқоңыр» ансамблі майталмандарының әуелете салған әндері мен мың бұрала билеген биші қыздардың көрінісі «жақсы көңіл-күй сыйлайықшы» деген ерекше ықыластарын байқатты. Шараның соңында көрермендердің қызу қошеметі аясында мереке иелеріне зор құрметті білдіретін, ортаға аудан басшысы атынан ықылас гүлі әкелініп, табысталды