Мемлекеттік рәміздеріміз неге ала-құла?

Мемлекеттік рәміздеріміз неге ала-құла?

Бүгінде елімізде 98 әкімшілік мекеме ресми құжаттарында 1992 жылғы, 118 мекеме 2014 жылғы Елтаңбаның бейнесін, 15 мекеме спорт киімдеріне арнайы тігілген Елтаңбаның бейнесін, ал үш мекеме тіпті біздің елімізге қатысы жоқ Елтаңбаны қолданып жүр екен. Сонымен қатар көптеген әкімшілік мекемелер қолдан жасалған немесе ғаламторда жүрген дұрыс емес Елтаңбаны қолдануда. Бұл мәліметті бүгін орталық Мәдениет үйінде өткен әдістемелік семинар барысында Мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөніндегі ұлттық орталығының директоры Руслан Хамза мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Мемлекеттік рәміздер тәуелсіздігіміздің басты белгісі. Әйтсе де елімізде әлі күнге дейін оларды қолдану кезінде көптеген олқылықтар жасалып жатады. Ең өкініштісі заңды дұрыс білуі міндетті мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың өзінде ондай қателіктер жетіп артылады. Жоғарыда көрсетілген статистика соңын дәлелі.

Аудан, округ әкім аппаратының, дербес бөлімдер мен мекеме мамандары, ұстаздар қатысқан семинардың барысында арнайы келген Руслан Пангерейұлы осы мәселені көтеріп, рәміздерді ұлттық стандартқа сай қалай қолдану керектігін түсіндірді.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер туралы» Конституциялық заңына, Үкіметтің айқындалған ережелер мен қағидаларын кеңінен түсіндіріп, егемендігімізді айқындайдың басты белгілердің шығу тарихына, авторларына тоқталып, оларда орналасқан символдардың өзіндік рөлдерін таныстырды. Көгілдір аспанмен астасқан Туды тігінен ілуге болмайтындығын, кабинеттерде ілінетін Ту мен Елтаңба қандай деңгейде орналастыру қажет екенін, білім мекемелеріндегі мәжіліс залдарында тұрған мінбелерде Елтаңбаның бейнесін қоюдың қажеттілігі жоқ екенін түсіндірді.

Мұнан бөлек тәуелсіздік алғалы бері рәміздерге арналған заңда жасалған өзгерістерді айтып, маңыздылығына тоқталды. Ұлттық стандартқа сай ғимараттың ішіндегі және сыртындағы рәміздердің қайда, қалай орналастыру керектігін көрсетті. Сондай-ақ жиынға қатысқан мекеме өкілдеріне ғимараттарындағы стенттерді ілмей тұрып ода жазылған ақпараттың растығына мән беру керектігін ескертті.

Бұған қоса Мемлекеттік рәміздерді қорлағандарға қылмыстық және әкімшілік кодекстерде қарастырылған қандай жаза бар екендігі туралы да толық ақпарат беріп өтті.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях