Мемлекеттік бюджет шығыны 1,3 триллионға артады

Мемлекеттік бюджет шығыны 1,3 триллионға артады

Алдағы бес жылға арналған мемлекеттік бюджет шығындарын 1,3 триллион теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Шығындардың жалпы көлемі 15 триллион теңге мөлшерінде болады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасы 2021 жылғы сәуірде 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылауға байланысты әзірленіп, іске асыруға бағытталғаны айтылды:

– Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»;

– Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары»;

– COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шаралар;

Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша болжам барреліне 35 доллардан 50 долларға дейін өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің нысаналы өсімі 3,1 пайыз деңгейінде жоспарланған, бұрын 2,8 пайыз болады деп болжанған.

«ЖІӨ көрсеткіші 2021 жылы 77 миллиард 869 миллион теңге мөлшерінде болжанған. Бұл мақұлданған болжамнан 1 миллиард 207 миллион теңгеге жоғары. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 миллион 655 мың доллар», –делінген қорытындыда.

Республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары түзетілген бюджетке қатысты 1 триллион 277 миллиард 712 миллион 468 мың теңгеге ұлғайтылып, 15 триллион 333 миллиард 981 миллион 44 мың теңге мөлшерінде болжанды. Сондай-ақ, бюджет шығыстарын ұлғайтудың негізгі бағыттарының жалпы сомасы – 1 триллион 487 миллиард 157 миллион 872 мың теңге. Коронавируспен күреске байланысты шараларға 265 миллиард 303 миллион 716 мың теңге жұмсалады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях