Мемлекеттік БАЖ салығын төлеу жеңілдеді  

Мемлекеттік БАЖ салығын төлеу жеңілдеді   

Азаматтарға арналған үкімет пен  «Kaspi.kz» банкінің  бірлесіп  енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түсті, деп хабарлайды  karasayinfo.kz желілік басылымы. 

Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша келісім жасаған клиенттер мемлекеттік баж салығын аталған банктің мобильдік  қосымшасында бірден төлей алады. Төлемді нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу немесе қосымшадағы «Мемлекеттік қызметтер» бөлімі арқылы жүргізуге болады.

Бұрын  нотариалдық келісім  жасалғаннан кейін  құжаттардың электрондық көшірмелері бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйесіне жіберілетін. Одан кейін клиеттер келісім рәсімін аяқтау үшін мемлекеттік БАЖ салығын банкке немесе «Қазпошта» кассаларына барып төлеп, төлем чегін  нотариусқа қайта әкелуі тиіс болатын. Ал,  жаңа қызмет нотариусқа қайта оралу қажеттілігін жойып, қазақстандықтар  уақыттарын айтарлықтай үнемдеуге жол ашты.

Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті ХҚКО немесе нотариус арқылы да беруге болады.

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях