Тамақтану, тәрбие және білім беру нысандарын санитарлық-гигиеналық бақылау және қадағалау басқармасының басшысы Марал Рахымжанова оқушыларға қандай жағдайда бетпердесіз жүруге болатынын айтты, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
Басқарма басшысының айтуынша, бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысымен мектептерде маска тағу бойынша жаңа шаралар енгізілді. Бетпердесіз жүруге тек «жасыл» немесе «сары» аймақта орналасқан өңірлердегі мектеп оқушыларына рұқсат етіледі.
Бірақ, Марал Рахымжанова бетпердесіз жүру талабының «қызыл» аймақта орналасқан өңірлердегі мектептерге қатысы жоқ екенін ескертті.