Мектепке дайындық акциясы

Мектепке дайындық акциясы

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Жыл сайын Қазақстанда жаңа оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» қайырымдылық республикалық шарасын өткізу дәстүрге айналған. Әлеуметтік бағыттағы бұл бастама бүкіл ел бойынша 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жүргізіледі. Осы акция шеңберінде бүгін аудандық Абай атындағы мектеп-гимназиясында қайырымдылық шара өткізілді. Оның басты мақсаты – күнкөрісі төмен, көпбалалы және тұрмысы қолайсыз отбасылардан шыққан балаларға көмек көрсету. Аудандық білім бөлімі ұйымдастыруымен өткен бұл қайырымдылық шарада аталған гимназия, Керімбеков, Ораз Жандосов,Үшқоңыр, Бірінші Май орта мектептерінің білімгерлеріне мектеп формалары табысталды.

«Мектепке жол» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл шара алдағы уақытта өз жалғасын табады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях