Медициналық сақтандыру жайы сөз болды

Медициналық сақтандыру жайы сөз болды

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – халықтың  денсаулығын қорғау жүйесі. Ол жұмыс берушілердің, азаматтардың сақтық жарналары мен бюджеттік қаражат есебінен тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Сонымен, аталмыш бастама екі түрге бөлініп, міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады. Бүгін аудандық орталық аурухананың дәрігерлері Жамбыл орта мектебінде ұстаздармен бас қосқан жиында осы тақырып кеңінен өрбіді.

Жиын барысында Жамбыл ауылдық амбулоториясының меңгерушісі Ақайша Сарина азаматтар сақтандыру шарттарын жеке өздері жасай алатыны, міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылатыны және сақтандыру жарналарының төлену тәртібі жайында айтты. Сонымен қатар, аудандық  аурухананың  ақпараттық-ресурстар бөлімінің меңгерушісі Ербол Дүйсебаев пен саламатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің дәрігері Дана Таждинова аталмыш бастама әлеуметтік маңызы бар аурулар кезінде (онкологиялық ауру,туберкулез,қант диабеті) және санитарлық авиация жағынан шұғыл түрде медициналық көмек алуға, сонымен қатар, профилактикалық егулерді тегін қабылдауға кепілдік беретінін тілге тиек етті. Бұдан бөлек, кездесу барысында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің пакеттері, МӘМС жағдайында дәрі-дәрмекпен қалай қамтылатыны жайында және оның негізгі үш қағидасы туралы толық ақпарат берілді. Жиын соңында «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» дегенді алға тартқан ақ халаттылар аурухана тапсырысы бойынша әзірленген ақпараттық кітапшаларды ұстаздарға таратты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях