Марафон жалғасын тапты

Марафон жалғасын тапты

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген жобаларды іске асыру бойынша және Мемлекеттік рәміздерге 25 жыл толуына орай, аудан- қалаларда «Туған жерге туыңды тік» марафоны бастау алған болатын. Бұл шараның облысымыздағы тұсаукесері Талдықорғанда өтті. Марафон аясында белгілі бір байқау жеңімпаздары, спортшылар, қоғамдық өмірге белсенді қатысып, елдің алғысын алған жастардың Мемлекеттік Туды алып, Жетісу жерінің киелі мекендерін, көрікті жерлерін аралап өтуі көзделген. Өскелең ұрпақты туған өлкесін қастерлеуге, тарихын құрметтеуге шақыратын шарадан ауданымыз да қалыс қалмады. Өткен жексенбіде жастар ресурстық орталығының жетекшісі Мадина Нұрланованың бастауымен бір топ жас Қарасай ауданындағы Елбасы дүниеге келген Үшқоңыр тауы баурайына, Қаскелең қаласына кіргендегі Наурызбай батыр ескерткішіне барып, аяғына қарай Туды Жамбыл ауданы өкілдеріне тапсырды. Шара барысы жайында бейнебаян түсірілді. Мемлекеттік Ту марафон соңында ағымдағы жылдың 4 маусым күні Талдықорған қаласында Алматы облысының әкімі Амандық Баталовқа табыс етіледі. Жастар акциясында мемлекеттік рәміздерді, туған жердің құндылығы насихатталуымен қатар, Тәуелсіздік жылдарында өз ақылымен, еңбегімен, білімімен және дарынымен оза шапқан «100 жас есімі» анықталады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях