Мамин ДСМ-ге карантинді жеңілдету бойынша тапсырма берді  

Мамин ДСМ-ге карантинді жеңілдету бойынша тапсырма берді   

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин тәртібін біртіндеп жеңілдету мәселесі қаралатынын айтты,  деп хабарлайды  karasayinfo.kz  желілік басылымы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.  

«Карантин талабын жеңілдету критерийіне сәйкес министрлік инфекцияның репродуктивтігі, соңғы аптадағы ауру-сырқау көрсеткіші, коронавирус инфекциясынан адам өлімі сынды көрсеткіштерді бақылап отыр. Карантиннің 5 аптасында инфекцияның репродуктивтігі 1,15-тен 0,82-ге дейін азайды. Ауру-сырқау көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73-тен 36,2-ге азайды. Бұл негізгі оң динамикасы біртіндеп карантин тәртібін жеңілдетуді қарастыру керегін көрсетеді», – деді ол үкімет отырысында.

Оның пікірінше, карантин тәртібі жеңілдеген кездің өзінде де тұрғындар маска тағып, қоғамдық орындарда гигиенаны сақтауы керек әрі халық арасында түсіндіру жұмыстары жүргізілуі қажет.

«Карантин тәртібін біртіндеп жеңілдету қорытындысы алдағы уақытта өтетін мемлекеттік комиссияның отырысында қаралады. Қолдауларыңызды сұраймын», – деді министр.

Осы орайда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин коронавирусқа қарсы шаралар өз нәтижесін беріп жатқанын айтып, Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырма берді.

«Қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні өткізуді тапсырамын», – деді ол.

Айта кетейік, Қазақстанда 100 164 науқас коронавирус жұқтырды. 73 702 науқас жазылды, 1 269 адам қайтыс болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях