Мамандар бірігіп, латын қарпін сөз етті

Мамандар бірігіп, латын қарпін сөз етті

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін «Алматы облысының «Тіл» оқу – әдістемелік орталығы» Қарасай аудандық филиалында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру жайында «Мы единая страна, Мы единый народ» атты пікір алмасу дөңгелек үстелі өтті. Жиында тіл орталығының меңгерушісі Жанар Өмірзаққызы мен Сулейман Демирель атындағы университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова және ауданымыздағы әртүрлі ұлт диаспораларының өкілдері өздерінің ұлттық киімдерінде бас қосты.

Жалпы, онда, филолог Құралай Бимолдақызы латын әліпбиінің барлық пайдалы тұстарын тізіп айтып, оның тарихы туралы сөз жүргізді. Атап айтсақ, профессордың айтуынша, біздің елімізде латын әліпбиіне көшу мәселесі сонау егемендігімізді алған жылдарда қозғалған. Ол кезде елдегі өзге де әлеуметтік мәселелер бірінші кезекке қойылып, оның мезгілін кейінге шегерген екен. Міне, латын әліпбиін қабылдаудың да уақыты келіп, тиісті мамандар әріптің бізге керек үлгілерін түрік және басқа латын әрпіне көшкен Әзербайжан, Өзбекстан үлгілеріне қарай отырып, кемшіліктерін ескеріп, қажетті әліппені таңдалып жатыр. Осы жайттарды сөз еткен Құралай Күдеринова, сонымен қатар, ол арқылы халқымыз тарихи тамырына оралып жатқанын және оны меңгерген жастардың кітапханаларда сақталған латын тіліндегі құнды кітаптарды оқуға мүмкіндіктері болатынын жеткізді. Мұнан кейін, бұл мәселе туралы өз ойын ортаға салған кәріс этно-мәдени орталығының өкілі Ирина Тё де латынға көшуді толық құптайтынын алға тартты. Бұдан бөлек, тіл орталығы ұйымдастырған басқосу барысында қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуі туралы басқада этнос өкілдері пікірлерімен бөлісіп, филологтар мен тіл мамандары ойларын ортаға салды. – Меніңше бұл үдерісті жеделдеткен жөн, – деген «Ахыска» түрік  этно-мәдени орталығының төрағасы Руслан Мамедов латынға көшу бұған дейінгі болған үрдісті қайта жаңғырту және қазақ тілі латын әліпбиін қолданғаны тарихта бар екенін, бұл латын қарпін қолданатын мемлекеттермен ынтымақтастықты арттыратынын алға тартты.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар латын әліпбиіне көшу көп қиындықтар туғызбайтынын әңгімелеп, ортақ ой биігінде жиынды аяқтады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях