Маңғыстаулық шаруалардың талабы орындалды

Маңғыстаулық шаруалардың талабы орындалды

Маңғыстаулық шаруалардың жемді арзандату туралы талабы орындалды. Алмасбек Садырбаев үкімет шешімен қуаңшылық зардабын тартқан малшылар мұңы шешімін тапқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы exk.kz сайтына сілтеме жасап.

Қиналған халықтың малын аман алып қалу үшін үкімет басшысы Алихан Смаиловтың тапсырмасымен ауылшаруашылығы министірлігі және облыс әкімдігі жемді арзандату тетіктері мен механизмдерін қарастырып, шешімін тапты. Жемнің бағасы 50 теңгеге түсті.

– Халық қаласа, хан түйесін сойған. Маңғыстаулық шаруалар тек өздеріңіздің ғана емес, бүкіл қазақтың шаруаларының абыройын көтеріп, мәртебесін өсірдіңіздер. Мал-жандарыңыз аман болсын! Тарихта болмаған дүниеге ауызбіршіліктің арқасында жеттіңіздер. Сіздер үшін шын қуаныштымын, – деп жазды Алмасбек Садырбаев.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях