Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен ауданда

Мәжіліс депутаты жұмыс сапарымен ауданда

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Әбдіманап Бектұрғанов жұмыс сапарымен ауданымызға келіп, бірқатар әлеуметтік маңызы бар нысандарды аралап, қарасайлықтармен жүздесті.

Алдымен Астанадан келген мейманды Халыққа қызмет көрсету орталығында аудан әкімінің орынбасары Айжан Назарбаева, аудандық мәслихаттың хатшысы Айтбай Көшкімбаев, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ықылас Амалбек қарсы алды.

Жұртшылық аяғы қашанда сиремейтін бұл мекеменің тыныс тіршілігімен танысқан Әбдіманап Елікбайұлы қызметкерлермен де, келушілермен де тілдесіп, көрсетілетін қызмет сапасы жайлы сұрады.

Мұнан кейін мәжілісмен Қаскелеңдегі С.Демирел университетінде ұстаздар қауымымен жүздесіп, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы жайында кеңінен әңгіме өрбітті. Барлық салалардағыдай,  өскелең ұрпақ тәрбиесінде де, білікті мамандар даярлау ісінде де Президент жүктеген тапсырмалар назардан тыс қалмауы керектігі айтылып, мектептерге енген жаңартылған білім мазмұнының артықшылықтары сөз болды.

Келесі кезекте халық қалаулысы Шалқар ауылындағы жаңадан салынған орта мектепке ат басын бұрып, мұғалімдермен және ата-аналармен кездесті. Өзінің қасиетті Қарасай ауданына арнайы келуінің мақсатын түсіндірген Әбдіманап Елікбайұлы жиынжайға жиналған мұғалімдер мен ата-аналарды ашық сұхбатқа шақырды. Елбасының басшылығымен республика көлемінде жүзеге асып жатқан оңды істер, қазақстандықтардың алдында тұрған маңызды міндеттер жайлы тұщымды ой-пікірлер айтылып, бала тәрбиесіндегі ата-ана мен мектептің орны туралы да сөз қозғалды.

ҚР Парламенті Мәжілісі депутатының ауданымыздағы жұмыс сапары Шамалған ауылындағы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ашылған «Атамекен» тарихи-мәдени орталығында түйінделді. Мұнда қадірменді қонақты еңбек ардагері, Елбасының сыныптасы Күләш Әмірова қарсы алып, жақсы тілегін бідірсе, орталық директоры Жәмилә Елгандиева жәдігерлермен жан-жақты таныстырды. Өз кезегінде Әбдіманап Елікбайұлы Қарасай жері әрдайым өзге өңірлерде үлгі ретінде айтылатын ерекше аудан екендігін тілге тиек етіп, алда да өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях