Мәжіліс депутаты SDU-де

Мәжіліс депутаты SDU-де

Sorry, this entry is only available in Русский.

Жуырда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа кезекті Жолдауы жарияланды. Республика көлемі бойынша жаңа Жолдауды талқылап, жұртшылыққа түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, кеше ауданымызға ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Нұрлан Дулатбеков келіп, Сүлейман Демирел университетінің мәжіліс залында жиын өткізді. Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі мен білімгерлері қатысқан жиынды аудан әкімі Жандарбек Далабаев ашып, жүргізді. Оның барысында халық қалаулысы Нұрлан Орынбасарұлы сот жұмысының заманауи нысандарын және озық электронды сервистер енгізу бойынша жұмысты жүргізіліп жатқанын түсіндірді. Сонымен қатар, Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап жастар мәселесі еліміздің ең басты назарында екенін айтып, олардың алдыларында тұрған білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі, тұрмыс жағдайларының жақсаруы, оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы сияқты бірқатар мәселелері айтылды.

Жиыннан кейін парламент депутаты жоғарғы оқу орнына жасалып жатқан игілікті істерге оңбағысын беріп, аталмыш мекемені аралап шықты.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях