Мәжіліс депутаттары Қарасай ауданында  

Мәжіліс депутаттары Қарасай ауданында   

Кеше жұмыс сапарымен   Қарасай ауданына келген ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары  Айгүл Құспан мен Мақпал Тажмағамбетова бірқатар нысандарды аралап, тұрғындар тарапынан көтерілген әлеуметтік мәселелерді назарларына алды,   деп хабарлайды Karasayinfo.kz  желілік басылымның тілшісі.

  Халық қалаулыларымен аудан әкімі Жандарбек Далабаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Бауыржан Айнабеков пен  «Nur Otan» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қаныбек Айтжанов бірге жүріп, оларды тұрғындармен кездестіріп, әлеуметтік және өндірістік нысандармен таныстырды.  Елордадан келген меймандар бірінші кезекте Елтай ауылындағы Бейсебаев мектебіне ат басын тіреді. Аталған білім мекемесінің жай-күйімен танысқан соң, ондағы ойын алаңдары мен сыртта орналасқан дәретханаларға байланысты сын-ескертпелерін білдірді. Келесі кезекте депутаттардың іс-сапары сол ауылда орналасқан 2,6 га жер телімін алып жатқан «Rich Valley» ЖШС-і өнеркәсіптік жылыжайда жалғасты. Олар мұндағы көкөністердің тұқым болып егілуінен бастап өнім беруге дейінгі кезеңдерімен танысып, жұмыскерлермен де сөйлесті.

Депутаттардың халық мүддесін әркез қолдайтындықтан  Айгүл Сайфоллақызы мен Мақпал Мазакқызын Әйтей ауылынан өтіп бара жатқанда тұрғындардың жол бойына жиылуы  бей-жай қалдырмай, арнайы тоқтап, мән-жай сұрасты. Белгілі болғандай ауыл халқының алаңдатқан жайт Жылыой және Жүнісов көшелеріндегі жаз мезгілінде ағыны азайған су мәселесі екен.  Себебі, тұрғындардың көпшілігі заңсыз су сорғысы орнатып, талапқа сай емес құбырлар жүргізген. Десе де  осы сала бойынша жауапты мекеме өкілдері аталмыш екі көшеге су беру үшін, жақында орнатылған жаңа насос бар екендігін айтып, депутаттарды су ұңғымасының басына апарып таныстырып қайтты. Бұл мәселенің уақытша шешімі ғана. Жандарбек Ермекұлы  алдағы уақытта жоспар бойынша «Қаскелең топтамасы» жобасы аясында  бір қала және 23 елді мекені су тапшылығын сезінбейтіні  жайлы мәлімет берді.

Келесі нысан – «Жұмыспен қамту – 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша салынған Долан ауылындағы дәрігерлік амбулаториясы. Тұрғындарды емдеуге арналған заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған жаңа ашылған орталықтың жұмысымен жалпы тәжірибелі дәрігер Гүлнұр Мұсақызы таныстырды. Дәрігерлер халық қалаулыларына маман тапшылығы бар екендігін айтып, республика көлемінде осы мәселенің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Ұсыныс-тілектерін тыңдаған соң  депутаттар медицина қызметкерлеріне жауапты жұмыстарында сәттілік тіледі.

Айгүл Сайфоллақызы мен Мақпал Мазакқызы Әйтей ауылындағы Қосынов мектебі мен Шамалғандағы Елбасының музейі «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын да аралады.

Ал, түстен кейін мәжілесмендер аудандық «Nur Otan» партиясы филиалының ғимаратында өткен партия жанындағы әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің жиынына қатысты. Басқосуды модератор ретінде аудандық мәслихат депутаты Елена Константинова жүргізіп отырды. Оның барысында күн тәртібіне сәйкес ерекше қажеттіліктері бар адамдарды инфрақұрылым орталықтарына бейімдеу, оларға онлайн режимінде әлеуметтік қызметтер көрсететін портал жайлы мәлімет беру, арнаулы оқу орнына түсуге арналған баңдарламалар мүмкіндіктері  жайлы ақпараттандыру болды. Жиынға қатысқандар депутаттарға түйіткілді мәселелерінде жеткізді. Мәселен, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «aleumet.egov.kz» әлеуметтік қызметтер көрсетін порталының жиі техникалық ақауға ұшырап, жұмыс істемей тұратыны, қазіргі мемлекет тарапынан берілетін протездер мен арбалардың сапасыздығын тілге тиек етті. Халық қалаулары олардың өтініштерін жазбаша түрде қабылдап алып, назардан тыс қалдырмайтындықтарын жеткізді.

Одан кейін депуттаттар аудандық орталық кітапханада ата-аналармен кездесті. Нақтырақ айтқанда, Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар аудандары мен Алматы қаласынан арнайы келген ата-аналар «Еxpress publish» баспасы шығарған «Smiles» мектеп оқушыларына ағылшын тілін үйретуге арналған кітаптағы ұлттық құндылықтардың тапталуы және қазақтың салт-дәстүріне кереғар келетін суреттер мен ақпараттар жайлы олқылықтарға байланысты өз арыздарын депутаттарға тапсырды. Өз кезегінде Мақпал Тажмағамбетова бұл депутаттық сауалды ҚР Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдап, қазіргі уақытта жауап күтіп отырғандығын айтты. Кездесу барысында оқулықтағы әрбір қателік талқыланып, халық қалаулылары бұл мәселелеге қатысты ресми жауаптарын әлеуметтік желі арқылы немесе хат арқылы жолдайтындықтарын жеткізді. Айгүл Сайфоллақызы мен Мақпал Мазакқызының Қарасай ауданындағы жұмыс сапары осылайша түйінделді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях