Мәжіліс депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты

Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтататыны айтылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
– Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізіледі, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.
Мәжіліс отырысында Бекболат Тілеухан біраз демалып, емделгісі келетінін түсіндірді.
– Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес, – бұрынғы депутат.
Сонымен қатар, Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.
– Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін, – деді Б.Тілеухан.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях