Мәжіліс отырысында депутат Бекболат Тілеуханның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтататыны айтылды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.
– Тілеухан Бекболат Қанайұлы өкілеттігін тоқтату туралы өтініш берді. Конституция бабына сәйкес, өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініш берілуіне байланысты ұсыныс енгізіледі, – деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов.
Депутаттар оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуына дауыс берді.
Мәжіліс отырысында Бекболат Тілеухан біраз демалып, емделгісі келетінін түсіндірді.
– Негізгі себеп, жасырмай-ақ қояйын, денсаулығыма байланысты. Біраз демалғым келеді. Кешенді емдеуден өтпекпін. Бұл жөнінде Елбасына, Мемлекет басшысына баяндадым. Мұнда денсаулық мәселесі ғана емес, – бұрынғы депутат.
Сонымен қатар, Бекболат Тілеухан жаңа қызметке тағайындалғанын да айтты.
– Мен сияқты адамдар бос жүре алмайды. Бұған дейін Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының президенті Ердоған мырзаның Орталық Азия этноспорт комитетін басқаруына ұсыныс келіп түсті. Қазір мені Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының вице-президенті етіп тағайындады. Бізде белгілі бір келісімдер бар, мен біртіндеп соған өтемін, – деді Б.Тілеухан.
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать
-
Что еще почитать