Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болды

2018 жылы ақпан айынан бастап «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарған Мәулен Әшімбаев ҚР Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Қазақпарат сайтына сілтеме жасап.

Мәулен Сағатханұлы 1971 жылы Алматыда дүниеге келіп, әл-Фараби атындағы Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университетін тәмамдаған. Аталмыш оқу орынды бітіргеннен кейін Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің жүйесінде жұмыс істеген. 1994-1995 жылдары ҚР Жоғарғы Кеңес депутатының көмекшісі, 1995 жылғы маусым-қараша аралығында Қауіпсіздік кеңесі аппаратының консультанты, 1995-1999 жылдар аралығында ҚР Президенті Әкімшілігі Сараптау және стратегиялық зерттеулер орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі, осы орталық жетекшісінің бірінші орынбасары, 1999-2002 жылдары Қауіпсіздік кеңесі Сараптау орталығының меңгерушісі болып қызмет атқарған. Сондай-ақ, 2002-2005 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 2005-2006 жылдары ҚР Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, 2006-2011 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях