МӘМС: кім, қанша, не үшін төлейді?

МӘМС: кім, қанша, не үшін төлейді?

Жалпы мемлекеттік немесе тұрақты жерде жұмыс жасайтын азаматтардың еңбек ақысынынан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ақшасы төленіп отырады. Ал өзіне жұмыс жасайтын азамат МӘМС пакетіне енген қызмет түрлерін пайдалану үшін бірыңғай жиынтық төлемінің (БЖТ) соңғы 3 айын үзіліссіз жасауы тиіс. Бұл жайында «Әлеуметтік медициналық сақтандыу қоры» КЕАҚ-ның Алматы облысы бойынша филиалының директоры Сабит Пазилов бүгін Шамалған Мәдениет үйінде өткен жиында мәлімдеді, – деп хабарлайды Naqty.kz желілік басылымы.

Филиал директорының айтуынша, осы уақытқа дейін сақтандыру пакетін алмаған жеке тұлға оны алу үшін бірыңғай жиынтық төлемінің соңғы үш айын үзіліссіз төлеуі керек. Тек содан кейін ғана ол сақтандыру пакетінде көрсетілген қызмет түрлерін тегін ала алады. Бұған қоса биылғы өзгерістерге сай, азамат келесі жылға жарна жасай алады. Мәселен, ол ағымды айдан бастап, 2024 жылдың тамыз айына дейін төлем жасаса, келесі бір жыл бойы сақтандыру пакетін қолданатын болады.

Бұл жерде бір ескере кететіндігі, 12 ай бойы төлемдер әртүрлі күндерде жасалса, сақтандыру мәртебесі бірден тағайындалмайды, тек барлық төлемдер өнделгеннен кейін. Сондай-ақ 12 айдың біреуіне төлем БЖТ-нен жасалса, мәртебе тағайындалмайды.

[su_custom_gallery source=»media: 43301,43297,43299,43298″ link=»lightbox» width=»150″ height=»150″ title=»never»]

Мұнан бөлек жиында Сабит Пазилов азаматта сақтандыру пакеті болмаса да оған медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық қызметтер көрсетілетіндігі жайлы да айтып өтті. Жедел жәрдем де сақтандыру жағдайына қарамастан шақыртуға тегін келеді.

Аудан әкімінің орынбасары Рустам Атчабаров, округ әкімдері, мемлекеттік және жекеменшік медициналық орталықтардың қызметкерлері мен ауыл тұрғындары қатысқан жиында жалы бүгінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың тиімділігі қандай екені, қызмет сапасы, қолжетімділігі жайлы айтылды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях