Мүмкіндігі мол спартакиада

Мүмкіндігі мол спартакиада

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

Қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күні. Осыған орай, Қарасай ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «Жігер-М» мүгедек спортшылар федерациясы ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында спартакида өтті.

Қаскелең қаласындағы «Дельфин» және «Қарасай батыр» спорттық кешенінде болған жарысқа Жамбыл және Қарасай ауданынан 100-ден астам мүмкіндігі шектеулі жандар бақ сынасты. Өзара сынға түсіп, мықтыны анықтаған жарыскерлер жүзу, шахмат, үстел теннисі, еркін күрес, грек-рим күресі, бадминтон, дзюдо, армлестлиг спорт түрлерінен сынға түсті. Бұл сайыстың мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқықтарын сақтау, әлеуметтік жағдайын жақсартуға және салауатты өмір салтын ұстануға айрықша назар аудару.

Тартысқа толы өткен жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар Ұмтыл ауылы – І орын, Райымбек ауылы – ІІ орын, ал Жамбыл ауданы жүлделі ІІІ орынға ие болып, медальдарымен және Алғыс хаттармен марапатталады.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях