Мұғалімдер күні салтанатты түрде аталып өтті    

Мұғалімдер күні салтанатты түрде аталып өтті      

Ескелді аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен Мәдениет үйінде «Ұстаз – ұлы есім» атты тақырыбында Мұғалімдер күні салтанатты жағдайда аталып өтті. Мерекелік шараны  ZOOM платформасынан  білім бөлімінің фейсбук парақшасында тікелей эфир арқылы көрсетіңліп, ауданның барлық білім беру мекемелерінің қызметкерлері онлайн түрде тамашалауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды naqty.kz  желілік басылымның тілшісі.  

Жиынның шымылдығы  Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы орта мектептің өнерпаздарынан н құралған хордың орындауындағы әнмен ашылды. Одан кейін «Күншуақ» балабақшасының бүлдіршіндері би билеп, қонақтардың көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Ал, шараға арнайы қатықсан аудан әкімінің орынбасары А.Исабеков және аудандық мәслихатының хатшысы Қ.Сатанов ұстаздарды мерекемен құттықтап, марапаттау рәсімін жүргізді. Осылайша бірқатар мереке иелері  Оқу-ағарту министрінің Алғыс хаттарымен, облыстық білім басқармасы басшының Құрмет грамоталарымен, республикалық кәсіподақ ұйымының төс белгісімен, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.айтап айтқанда,
облыстық «Жетісу ұстазы» байқауының жеңімпазы Алдабергенов атфындағы орта мектебінің  мұғалімі Е.Степаненко және облыстық «Ұстаздар әулеті» байқауының «Ұстаздықты ұлық тұтқан әулиет» номинациясын иеленген Алдабергенов атындағы орта мектебінің Шумаковтар отбасы ақшалай сертификаттармен марапатталды. Аудан мектептері арасында «Ең үздік білім бөлімінің логотипі» байқауының жеңімпазы Шестаков атындағы орта мектептің мұғалімі Э.Жұмагұлова ақшалай сертификатымен марапатталды.

Сонымен қатар, аудан бойынша өткізілген үш кабинет конкурсының қорытындысы бойынша   қазақ тілінің үздік кабинеті бойынша Балпық би АОМ мұғалімі Д.Қизатаеваның кабинеті, математиканың үздік кабинеті бойынша Рүстембеков АОМ мұғалімі М.Байбатчаеваның кабинеті,  бастауыш сыныптардың үздік кабинеті бойынша Абай АОМ мұғалімі Ж.Сейдуалиеваның кабинеті үздік деп танылды. Оған қоса, 2021-2022 оқу жылының ҰБТ қорытындысы нәтижесінде жүлделі I орынды иеленгені үшін Рүстембеков атындағы орта мпектебіне үй кинотеатрының сертификаты және оқу жылы бойы оқушыларды дайындаған мектептің ұстаздарына,  2021-2022 оқу жылының рейтинг қорытындысы нәтижесінде келесі білім беру мекемелері жүлделі орындарға иеленіп, ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях