Ұлтымызды сақтау үшін

Ұлтымызды сақтау үшін

Sorry, this entry is only available in Орыс Тілі.

– Ассалаумағалейкүм!

– Салам…

– Қалай жағдай?

– Пойдет, ты как?

– Жақсы, шүкір…

Міне, назарыңызда көпшілік адамдардың арасындағы диалог. Не қазақша емес, не орысша емес. Осы арқылы арамызда ұлттық тілімізді құрметтеудің дәрежесі түсіп бара жатқанын аңғаруға болады. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, әрине. Иә, бір қарағанда онда тұрған ештеңе жоқ, өздерінше түсініссе болды дерсіз. Бірақ, тереңінен үңіліп қарар болсақ, бұл тұтастай ұлтымызға төнген қауіп. Оған «Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады» деген Ахмет Байтұрсынұлының қанатты сөзі негіз бола алады.

Кеңес үкіметінің құрамында болған жетпіс жылда көптеген құндылықтарымыздан алыстап қалдық. Ал, қазір тәуелсіз ел ретінде ата дәстүрімізді, ана тілімізді қайта жаңғыртқан жөн. Бұл үшін де үлкен еңбек қажет емес. Қоғамды қандай етіп көргің келсе, алдымен өзің сондай болуың керек сияқты, бәрін өзімізден бастау маңызды. Қарапайым өмірде, отбасымызда кез келген сөзді қазақ тілінде айтуды әдетке айналдырсақ, бұл біздің бірінші жеңісіміз болмақ. Осы арқылы тәрбие басын тал бесіктен бастап үй ішімізді қазақилыққа баулысақ, екінші жетістігіміз болары сөзсіз. Үшінші және ең өзегі – мүмкіндігінше қазақ тілінде сұрақ қою. Мысалы, дүкенде, қоғамдық орындарда, көшеде өз ана тілімізде сөйлеп, мерейін үстем ету. Тағы қоса кететін жағдай, терминал, банкомат, электронды төлемдер жасағанда қазақ тілді функцияны таңдауға кеңес береміз. Бұл өз кезегінде статистикалық мониторинг арқылы тілімізге сұраныстың бар екендігін білдіреді.

Қазақ тілі бұл біздің – ана тіліміз. Шыр етіп дүниеге келгеннен бесік жырын айтқан, жұбатқан, еркелеткен аяулы анамыздың тілі. Арындай соққан ақындарымыздың, жалындай жазған жазушыларымыздың, қара қылды қақ жарған би- шешендеріміздің, ең бастысы өзіміздің тіліміз. Осыдан кейін қазақ тіліне деген қарым- қатынасыңа өзің баға бер қадірлі оқырман.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях