2019 жылдың 20 тамызында Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға қосқан үлесі үшін «Ózgerіs ustasy» бірінші республикалық сыйлығының иегерін анықтауға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды karasayinfo.kz желілік басылымы.
Сыйлықты тағайындаудың негізгі мақсаты – Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерлік танымал ету және осы саладағы көрнекті мамандардың сіңірген еңбегін қоғамның мойындауы, сондай-ақ, отандық әлеуметтік кәсіпкерлік институтына назар аудару
Сыйлық ұйымдардың екі санатына арналған:
- Әлеуметтік кәсіпкерлікпен айналысатын ҮЕҰ
- Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдар.
Сыйлық Үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) 6 номинация бойынша беріледі:
- Білім берудегі әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
- Денсаулық сақтаудағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
- Экология саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
- Мәдениет және өнер саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі.
- Әлеуметтік осал топтарды қолдау саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (ерекше қажеттіліктері бар адамдар, қарт адамдар, әйелдер, жастар, балалар және т.б.)
- Аумақтарды дамыту саласындағы әлеуметтік кәсіпкерліктің ең үздік үлгісі (облыстар, қалалар, аудандар және т.б.)
Жоғарыда аталған 6 номинация бойынша жеңіске жеткен ҮЕҰ-ға 500 000 теңге көлемінде грант беріледі. Сыйлық аясында ҮЕҰ арасынан 15 жеңімпазды анықтау жоспарланған.
Қазақстандағы әлеуметтік кәсіпкерліктің дамуына ықпал ететін ұйымдарға Сыйлық 4 номинация бойынша беріледі:
- Корпоративтік бизнес арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік КӘЖ бағдарламасы».
- Мемлекеттік институттар арасындағы «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың ең үздік мемлекеттік шарасы».
- «Әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі халықаралық институттың ең үздік бастамасы».
- “Әлеуметтік кәсіпкерлік тақырыбын үздік жариялаған бұқаралық ақпарат құралы».
Жоғарыда аталған 4 номинацияға үміткерлердің тізімін ұйымдастырушылар бекітеді. Жеңімпаздарды сараптамалық комиссия анықтайды. Жүлдені алуға өтінімдер www.ozgeris-ustasy.kz сайтында қабылданады.
Жеңімпаздар бірнеше кезең бойынша анықталады:
- Өтінімдерді қабылдау 2019 жылдың 20 тамызынан 16 қыркүйекке дейін;
- Республикалық сараптамалық комиссия ағымдағы жылдың 24 қыркүйегінде 30 жартылай финалисттерді анықтайды;
- Ашық онлайн дауыс беру осы жылдың 10-30 қазан аралығында өтіп, нәтижесінде 15 жеңімпаз анықталады;
- Марапаттау рәсімі 2019 жылдың 15 қараша күні Алматы қаласында өтеді.
Қосымша сұрақтарды жоба координаторы Фарида Наврузбековаға хабарлассаңыздар болады. Телефон нөмері: 8-708–298-84-19