Өлер алдында хат жазып қалдырған: Жамбыл облысында әскери гарнизонда офицер өзін атып өлтірді

Өлер алдында хат жазып қалдырған: Жамбыл облысында әскери гарнизонда офицер өзін атып өлтірді

Желіде өзіне қол салған азаматтың Отар артиллериялық бригадасының аға лейтенанты Омаров Жандос Ербағанұлы екені айтылған. Ақпарат бойынша, ол жүрегіне оқ атқан. Оқиғаны Қорғаныс министрлігі растады, – деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

– Биыл 22 қарашада Гвардейск гарнизонындағы әскери бөлімнің офицері А. өзіне қол салды. Көз жұмған жігіттің өлер алдында жазған хаты табылды. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі мен туыстарының өтінішіне қарай өзге ақпарат жарияланбайды, – деді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, оның өлер алдындағы хаты табылған.

– Мен көп ауырғанмын. Өкпем ауырған, қолым сынған, ит қапқан. Бәрінен кешірім сұраймын! Ешкімге масыл болғым келмейді. Ешкімнің мен үшін қиналғанын қаламаймын. Ешкімге өкпем жоқ, ешкімді кінәламаймын, – делінген хатта.

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях