Латын қаріпінен диктант  жазу эстафетасы  

Латын қаріпінен диктант  жазу эстафетасы   

Sorry, this entry is only available in Русский.

Өткен аптада Тіл сарайында Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан халқы тілдері күні қарсаңындағы онкүндіктің ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Karasayinfo.kz желілік басылымы.

Салтанатты шара барысында  Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысы Айдар Башбаев латын негізді қазақ әліпбиінде диктант жазу шарасымен басталғанын айтты.  Осы айтулы мереке қарсаңында шараға жиналғандар   Тіл сарайының мәжіліс залына және «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының оқу кабинеттеріне жайғасып, диктант жазуға қатысты. Әрі  қарай эстафетаны  облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарма «Достық үйі-Қоғамдық келісім» орталығының директоры Тәңірберген Қасымберкебаевқа салтанатты түрде табыс етті.

Сондай-ақ, эстафета «Nur Otan» партиясының облыстық және қалалық филиалдарына, облыстық дін істері, мәдениет, архивтер және құжаттама, ішкі саясат басқармаларына, Рухани жаңғыру орталығына, Журналистер үйіне,  Жастарға қызмет көрсету орталығына, Оқушылар сарайына жолданды.         Онкүндік аясында «Жастар жырлайды», «Текті сөздің төресі – терме» байқауы, «Тілдарын – 2019» облыстық олимпиадасы, «Мемлекеттік тіл – еліміздің тұғырлы тірегі» атты дөңгелек үстел, Славян жазуы күндері, «Өзім туралы» этнос өкілдері арасында әлеуметтік желі арқылы эссе жазу акциясы, латын негізді әліпбиді оқыту, үштілділік бойынша ашық есік күні сынды шаралар ұйымдастырылатын болады. Латын негізді қазақ әліпбиінде диктант жазу ендігі кезекте эстафета облыстың барлық өңірлерінде  5 қыркүйек –  Тілдер мерекесіне дейін жалғасатын болады.

 

Оставить комментарий

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Что будем искать? Например,Человек

Мы в социальных сетях